Қазақстандағы Иудаизм

Еврей халқы өкілдерінің Қазақстанға қоныстануы ХХ ғ. 30-40 жж. байқала бастады.

Қазақстандағы алғашқы синагогтар революцияға дейін пайда болды. Ең алғашқылары Семей қаласында сақталған. 1913-1932 жылдар аралығында 20 жылға жуық қызмет атқарып, 2003 жылы 90 жылдығын атап өтті.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 6 еврей жергілікті діни бірлестігі жұмыс істейді. Негізгі этникалық құрамы – еврейлер.

Астана қаласында Орталық Азиядағы ең ірі ғибадатхана орналасқан «Бейт Рахель – Хабад Любавич». Синагоганың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, қазақстандық мемлекет қайраткерлері, бүкіл әлем раввиндері және Израильдің, АҚШ, Еуропа мен ТМД қоғамдық еврей ұйымдарының өкілдері қатысты.

Көне еврей мерекелерін жыл сайын кеңінен атап өтеді.

Қазақстандағы иудаизмнің ізбасарлары арасындағы маңызды шаралардың бірі ТМД елдерінің ірі қалаларында, сондай-ақ Алматы қаласында өткен Еуразиялық раввиндер конгресі болып саналады.

Конгрестің негізгі міндеттері конфессияаралық келісімді нығайтуға және діни еврей қоғамдастық қызметін таратуға қатысады.

2016 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚР 6 иудейлік діни бірлестік тіркелген.

.
Яндекс.Метрика