Бүгін Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Ресей Федерациясы Президентінің Ислам Конференциясы Ұйымымен және басқа да халықаралық ислам ұйымдарымен байланыс жөніндегі арнайы өкілі В.В.Поповпен кездесті.

   Бүгін Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А.П.Әбуов, Ресей СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының Өркениеттер серіктестігі орталығының директоры, Ресей Федерациясы Президентінің Ислам Конференциясы Ұйымымен және басқа да халықаралық ислам ұйымдарымен байланыс жөніндегі арнайы өкілі В.В.Поповпен кездесу өткізді.
   Кездесу аясында әлемдегі діни ахуалды зерттеудегі екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Вениамин Попов кездесу барысында Қазақстандағы дінтану мектебінің және дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми-әдістемелік базасының жоғары деңгейін атап өтті.
   Орталық директоры А.П. Әбуов Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлрінің Съезі аясында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы құрылғандығын сөз қылды.
   Орталықтың қызметі халықаралық деңгейде конфессияаралық келісімі мен дінаралық диалогты нығайтуға, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін ұйымдастыруға және өткізуге, съезд Хатшылығы және Жұмыс тобының отырыстарын өткізудегі Қазақстан Республикасының бірегей тәжірибесін жылжытуға бағытталған. Сондай-ақ, мемлекеттік-конфессионалдық қатынастармен, дінаралық диалогпен және дін мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметіне ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету, деп мәлімдеді.
Кездесу соңында тараптар дін және қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу бойынша өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қызығушылықтарын білдірді.

.
Яндекс.Метрика