Дархан Кәлетаев Астананың мерейтойына орай Орталықтың бірнеше қызметкерлеріне мемлекеттік награда табыстады

   4 шілде күні ҚР Қоғамдық даму министрлігінде Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті. Іс-шараға министрліктің басшылығы мен қызметкерлері, діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. 
   Дархан Кәлетаев жиналғандарды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Астана тәуелсіз мемлекеттің гүлденуінің және дамуының символына айналғанын айтты.
«Барлықтарыңызды келе жатқан қала күнімен құттықтаймын. Астана - еліміздің  жүрегі. Астана барлық армандар орындалатын қала. 20 жыл ішінде елордамыз үлкен белестерді бағындырды. Қаланың қалыптасуы барысында алға қойылған мақсат-міндеттер іс жүзінде жүзеге асты.  Астанада еңбек жолын бастайтын жастар үшін өздерін жан-жақты дамытуға және үлкен жетістіктер мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге  барлық мүмкіндіктер бар»,- деп атап өтті  Дархан Кәлетаев.
   Салтанатты шара барысында Дархан Кәлетаев медальдар мен дипломдарды табыстады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 26 азамат, оның ішінде 9 министрлік қызметкері «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
   Атап айтқанда, мерейтойлық медальмен Мәдениеттер мен діндердің халықаралық оралығының директоры, ф.ғ.д., профессор Айдар Әбуов, директордың бірінші орынбасары п.ғ.к., Қарлығаш Калилаханова және орынбасары қ.ғ.к., Манарбек Баймурзин және бірнеше дін өкілдері мен қоғам қайраткерлері марапатталды.
   
Сонымен қатар, Орталықтың қаржылық және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы Алима Бердімұратова қызметте ерекше нәтижеге қол жеткізгені үшін министрдің арнайы грамотасымен марапатталды.

.
Яндекс.Метрика