ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРІ НҰРЛАН ЕРМЕКБАЕВ «АСЫЛ АРНА» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРІ НҰРЛАН ЕРМЕКБАЕВ «АСЫЛ АРНА» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

2017 жылғы 24 ақпанда дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Алматы қаласына іссапармен келді.

Іссапар шеңберінде ол «Асыл Арна» телеарнасының ұжымымен кездесті.

Министр Н. Ермекбаев кездесуде «Асыл арна» телеарнасы дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттап отырған ақпарат құралы ретінде қалыптасқандығын атап өтті.

Қазіргі уақытта телеарнадан еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайтуға, мемлекеттің зайырлылық құрылысын ілгерілетуге, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеттерін әшкерелейтін  бағдарламалардың көрсетіліп отырғандығына оң баға берді.

Сонымен қатар, телеарнаның басшылығына Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға қойған мақсатты міндеттерге сәйкес ақпараттық жұмыстарын нығайтуға бағыт-бағдар берді.

Осы мақсатта телеарна қызметін, жаңалықтарын, бағдарламаларын одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар енгізді.

Кездесу соңында «Асыл арна» телеарнасының басшылығы Министрдің ұсыныстарын назарға алып, алдағы уақытта жүзеге асыруға уәде етті.


.
Яндекс.Метрика