1 наурыз – Алғыс айту күні

1 наурыз – Алғыс айту күні

Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Алғыс айту күні атап өтілді. Аталмыш мереке – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.

Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. 

Осы орайда, аталған шараға Мәдениеттермен діндердің халықаралық орталығының директоры Әбуов Айдар Парқұлұлы және орталық қызметкерлері қатысты.


.
Яндекс.Метрика