Н.Назарбаев ҚР-ның Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Н.Назарбаев ҚР-ның Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Мемлекет басшысы еліміздегі дін мен діни ұйымдарға қатысты мемлекеттік саясатқа, сондай-ақ діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға тоқталды. Елімізде дін бостандығына кепілдік берілген және барлық діни бірлестіктің жұмысына қолайлы жағдай жасалған. Дегенмен осы саладағы заңнаманы қайта қарап, діни экстремизм мәселесін айрықша назарға алу керек, - деді Елбасы. Кездесуде Нұрлан Ермекбаев министрліктің атқарған қызметі мен алдағы жоспарлары жайында баяндады. Оның сөзінше, бүгінде ел аумағында 3 600-ден астам діни ұйым мен 18 конфессия жұмыс істейді. 

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/166559-n-nazarbaev-r-ny-din-isteri-zh-ne-azamatty-o-am-ministri-n-rlan-ermekbaevty-abyldady


.
Яндекс.Метрика