ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН  ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті қазақстандықтар!

 Біз, Қазақстан республикасының діни бірлестік өкілдері, шын жүректен барлық отандастарымызды шуақты Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Бұл көктем және жаңарудың белгісі ретінде, бес мың жыл көлемінде тойланып келе жатқан әлемдегі ең көне мерекелердің бірі.

Қазақ халқы ежелгі заманнан, Наурызды қысты шығарып салып, табиғаттың жаңаруы, күн мен түннің теңелуімен байланыстырып – Ұлыстың ұлы күні деп атаған.

Мемлекетіміздің Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқы оған жаңа рухани-этикалық мағына бере отырып, шуақты мерекені жадында сақтап қалды. Наурыз жақсылық, бейбітшілік, достық, келісім, бірлік, бауырмалдылық толеранттылық пен тұрақтылық сынды құндылықтардың орындалуының шынайы көрінісі болды.

Ежелден әрбір адам көктемнің бұл күндері туған-тустарына, табиғатқа, қоршаған ортаға деген қамқорлықтыата-бабаның ұрпақтан-ұрпаққа сақталып, жалғасып келе жатқан мызғымас дәстүрі ретінде ұстануға ұмтылатын болған.

Бүгінде бұл мереке бейбітшілік, үйлесімділік пен ынтымақтастық патшалық құрған, көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан мемлекетінде өмір сүріп жатқан барлық ұлттарға бірдей қымбат. Бізде көздің қарашығындай сақтауға тиіс ұлы игілігіміз – ортақ үй, біртұтас халық, ортақ мақсат, біртұтас мүдде.

Наурыз мейрамық арсаңында біз еліміздің халықтарына зор денсаулық, мол бақыт, кетпес ырыс пен гүлдене беруді тілейміз.

Еліміздің аспаны әрқашан ашық, жеріміз өнімді, ұрпақтарымыз уайымсыз, бейбіт заман болсын.

Қоғамда жоғары руханилық пен болашаққа деген сенім арта берсін.

 ҚАЗАҚСТАН ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР ӨКІЛДЕРІНІҢ ЖИЫНЫ

 14 наурыз 2017 ж.


.
Яндекс.Метрика