2017 жылғы 15 наурызда Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтің Қазақстанның Бас раввині Ешая Когенмен кездесуі өтті.

2017 жылғы 15 наурызда Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтің Қазақстанның Бас раввині Ешая Когенмен кездесуі өтті.

Министрлік басшысы және Бас раввин мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы ауқымды мәселелерді және Қазақстандағы иудей қауымы қызметінің бірқатар жұмысы мәселелерін кеңінен талқылады.

Әңгімелесу барысында тараптар Мемлекет басшысы  Н.Ә. Назарбаевтың еліміздегі конфессияаралық диалогты нығайтуға және халықаралық дәрежеде этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтті.

Өз кезегінде, Қазақстанның Бас раввині еврей қауымы мемлекетпен сындарлы сұхбат құруға дайын екендігін жеткізді.

Іс-шара барысында министрлік басшысы Қазақстанның Бас раввині Ешая Когенге «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалін тапсырды. 


.
Яндекс.Метрика