ЭКСПО-2017 «БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

ЭКСПО-2017 «БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

Ағымдағы жылдың 8 маусымында, Астанада өтетін ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуы қарсаңында,  Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығында Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдерінің Жиынының кезектен тыс отырысы өтті. 

Жиынның күн тәртібінде Астана тұрғындары мен қонақтарының іс-шараны өткізу кезіндегі жайлы және қауіпсіз жағдай жасаудағы жауапкершілік мәселесі қарастырылды.

Отырыс  Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А.Әбуовтың модораторлығымен және Астана қаласында ресми тіркелген 9 діни бірлестіктің және  «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшысының қатысуымен өтті.

Отырысқа қатысушылар Қазақ елінде өткелі жатқан Халықаралық көрменің ауқымдылығы мен орасандығын жан-жақты талқылады.

Олар ЭКСПО – 2017 көрмесі тақырыбының маңыздылығы мен өзектілігін ерекше атап өтті.

Діни бірлестіктер өкілдері Халықаралық ЭКСПО – 2017 көрмесінің қажетті деңгейде өтуіне барынша атсалысуға және толық қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Сондай-ақ қазақ халқының рухани мәдениетіне тән өзара сыйластық, төзімділік, достық, қонақжайлық және мейірмандық қасиеттерінің жоғары деңгейін көрсетуге ықпал ететіндіктерін жеткізді.

 


.
Яндекс.Метрика