ҚР ДІАҚМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанынан құрылған БАҚ-та діни тақырыпты жариялау бойынша Әдістемелік Кеңестің І отырысы өтті

ҚР ДІАҚМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанынан құрылған БАҚ-та діни тақырыпты жариялау бойынша Әдістемелік Кеңестің І отырысы өтті

Астана қаласында ағымдағы жылдың 28 маусымында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанындағы БАҚ-та діни тақырыпты жариялау бойынша Әдістемелік кеңестің І отырысы өткізілді.

Аталған отырысқа Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті мен Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, Ғылыми зерттеру және талдау орталығы, «Е-islam» ақпараттық танымдық сайтының өкілдері, дінтанушы-сарапшы ғалымдар қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде:

  1. Елбасының Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру атты мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасы бойынша жасалған өлкетанулық, отансүйгіштікті насихаттауға арналған жобаларды жариялауды қамтамасыз ету.
  2. БАҚ-та 2017 жылдың 1-жартыжылдығында жарық көрген дін саласындағы өзекті мәселелер (қара жамылу мен сақал қою, Актөбедегі терактіге бір жыл және пантеон мәселелері) қаралды.

Елбасы ұсынған рухани жаңғыру бағдарламасы оны дәйекті түрде жүзеге асыру тұрғысынан жан-жақты талқылау мен зерделеуді қажет ететін маңызды құжат. Тарихымыз, ата дәстүріміз, тіл мен дінге қатысты бабаларымыздың ұстанымы мен қасиеті – Ұлттық кодты сақтап қалу, одан әрі дамыту бүгінгі мақсаттардың бірі болып отыр.

Кеңес отырысында Елбасы мақаласындағы негізгі идеяларды қоғам айнасына айналған ақпарат құралдарының объективті, дұрыс жариялап, насихаттауы өткір қойылып отырған мәселелерді шешудің бір жолы жөнінде сөз қозғалды.

Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша Әдістемелік кеңес мүшелері ойларын ортаға салып, пікіралмасу түрінде өткен отырыста тағлымды ойлар мен пайымды пікірлер айтылды. 

 

 


.
Яндекс.Метрика