«Мәдени ашықтық – бейбітшілік пен келісімнің негізі» АӨСШК мүше елдердің ұлттық-мәдени орталықтарының халықаралық форумы өтті

«Мәдени ашықтық – бейбітшілік пен келісімнің негізі» АӨСШК мүше елдердің ұлттық-мәдени орталықтарының халықаралық форумы өтті

2017 жылғы 30 маусымда Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайында  Қазақстан халқы достығының жыл сайынғы фестивалі аясында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше (АӨСШК) елдердің ұлттық-мәдени орталықтарының «Мәдени ашықтық – бейбітшілік пен келісімнің негізі» тақырыбында азаматтық форумы өтті.

Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, ҚР СІМ-нің орынбасары Қамалдинов Ақылбек Әбсәтұлы, АӨСШК Хатшылығы атқарушы директорының арнайы өкілі, АӨСШК Хатшылығының кәсіби персоналының мүшесі Виджай Шарма, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары Имандосов Сабыр Айдарбекұлы, ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік Бюросының директоры Криста Пиккат, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Тимощенко Юрий Евгеньевич және Әзірбайджан Республикасының Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Маммадов Рашад Эйнаддин оглы қатысты.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Прокопенко Леонид Андреевичтің модераторлығымен өткен «Өзара әрекеттестік жолдары: ниеттестік және жаңғыру» атты форсайт-сессиясында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Әбуов Айдар Парқұлұлы «Дінаралық диалог ұлт қауіпсіздігінің рухани негізі ретінде» тақырыбында баяндама жасады.

 

 


.
Яндекс.Метрика