Араб каллиграфиясының көрмесі

Араб каллиграфиясының көрмесі

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Түркия Республикасы ИРСИКА ғылыми орталығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен ИРСИКА-ның Халықаралық каллиграфия байқауларынан таңдалған шығармаларынан араб каллиграфиясының көрмесі өтті.

Көрмеге Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Уәлиев Қ.С., Түркі Академиясының Президенті Д.Қыдырәлі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы, профессор Ә.Муминов, сондай-ақ М.Жолдасбеков, А.Бақтыгереева, Т.Жұртбай және т.б. белгілі тұлғалар қатысты.

Сонымен қатар, аталған шараға Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Әбуов Айдар Парқұлұлы және бірқатар қызметкерлер қатысты.


.
Яндекс.Метрика