Діни бірлестік өкілдері дін саласындағы Заң жобасын талқылады

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын талқылау бойынша жиналыс өткізді.
 
 
​Аталған іс-шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі Б.С. Арын, Дін істері комитетінің төраға міндетін атқарушы Е.А. Оңғарбаев, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А.П Абуов, сондай-ақ діни бірлестіктер басшылары мен өкілдері, атап айтқанда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, Қазақстандағы православ шіркеуі, Қазақстандағы Рим-Католик шіркеуі, Евангельдік-лютеран шіркеуінің өкілдері қатысты.
 
Талқылатып отырған Заң жобасында шетелде діни білім алу, дін қызметіне мемлекеттік қызметкерлердің қатысуы, діни жоралғылар мен рәсімдер бойынша некені қиғызуға қатысты жаңа нормалар көрсетілген.
​Заң жобасы аясында сондай-ақ, қоғамдық орындарда адамның бет-бейнесін тұмшалайтын киім түрлерін киюге, деструктивті идеологиялық ағымдарды насихаттайтын киім түрлерін киюге және таратуға шектеу қою көзделген. Сондай-ақ, аталған киім түрлерін БАҚ-та жарнамалауға тыйым салынады.
 
​Бұдан бөлек, Заң жобасы діни бірлестіктердің қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету, діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігіне баға беру жүйесін енгізу, діни қатынастар субъектілерінің қызметіне дін саласындағы уәкілетті органның бақылауын күшейтуге бағытталған.
Шара барысында вице-министр Берік Арын: «аталған заңнамалық құжатты қабылдау- рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту бойынша дін саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары жұмысының тиімділігін арттыратыны сөзсіз, сондай-ақ, қоғамда діни радикалды идеялардың таралуына жол бермейді»-деп атап өтті.
 
Ал, діни бірлестіктер өкілдері заң жобасын қолдап, өздерінің ұсыныстарын білдірді. Естеріңізге сала кетейік, аталған Заң жобасы талқылану үшін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми сайтына және «Электронды Үкімет» порталына орналастырылған.  
 

.
Яндекс.Метрика