Пресс-релиз

2017 жылдың 25 тамызы, сағат 11:00-де «Діни экстремизм мен терриоризмнің алдын алудағы ардагерлердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Өткізілген орны Сарыарқа даңғылы 13, «Сарыарқа» аудандық әкімдігінің ғимараты.

Аталған іс-шара Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.А. Аманшаевтың, Астана қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.С. Есіловтың, Орталық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары О.О. Озғанбаевтың, ДІАҚМ Діндер мен мәдениеттер орталығының директоры А.П. Абуовтың, Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Д.Н. Есиннің және діни бірлестік өкілдері мен дін саласындағы эксперттердің қатысуымен өткізілді.

Жаһан террорлық актілер жайында ең алғаш  2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы болған террорлық актілердің салдарынан қанық бола бастады. Осы ретте әлемде болып жатқан жан түршігерлік құбылыстардың салқыны біздің елімізге де өз әсерін тигізбей қоймауда.

Қазақстан Республикасының 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес сонымен қатар, мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бекітілген болатын, бағдарламаның негізгі мақсаты діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар:

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Астана қалалық филиалы, Астана қаласы ішкі саясат басқармасы, Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы.

Дөңгелек үстел барысында жастарды Отан сүйгіштікке және жастар патриоттық рухта тәрбиелеуде аға буын өкілдерінің рөлі және қоғамның діни экстремизм мен терроризмге қарсы күш біріктіруге шақыру мәселелері талқыланды.

Бүгінде Қазақстан терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында тиімді шараларды қолға алуда. Сондай-ақ,  Қазақстан Республикасының 2013-2017 жылдарға терроризм мен экстремизмнің алдын алуға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Аталған бағдарламада лаңкестік қаупінің алдын алуға арналған нақты механизмдер мен әдістер қарастырылды. 

Дөңгелек үстел барысында ДІАҚМ Діндер мен мәдениеттер орталығының директоры А.П. Абуов аталған іс-шара тақырыбына сәйкес баяндама жасап, терроризм мен экстремизм қаупінің алдын алуда аға буын өкілдері ардагерлердің жастар тәрбиесінде алатын орнының маңыздылығын нұсқай отырып, бірлесе жұмыс жасаудың тиімділігін атап өтті. 


.
Яндекс.Метрика