Қазіргі Қазақстандағы конфессиялық жағдай

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасында қандай дінге және этномәдениетке қатыстылығына қарамастан, барлық қазақстандықтардың жалпы ұлттық бірлігі мен келісімінің ерекше формуласы қалыптасты.

2015 жылғы 10 маусымда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V-ші Съезінің ашылуында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ширек ғасырға жуық тәуелсіздігімізде Қазақстанның рухани қайта өрлеу дәуірін бастан өткергендігіне дінбасылар мен саяси қайраткерлердің назарын аударды.

2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 3601 діни бірлестіктер тіркелген және діни бағыттағы 70-тен астам бұқаралық ақпарат құралдар басылып шығарылады (5 басылым БАҚ-тарда, 63-і интернет-ресурстарда, 4-і діни телеарналарда).

Елімізде 505 миссионерлер қызмет етеді, олардың 413 шетелдік миссионерлер.

Қазақстан Президенті: «Елімізде жұмыс істейтін барлық діндердің паствалары – бір үлкен қазақстандық отбасының мүшелері. Біздің бәріміз бірлесіп, дүрдараздық пен ұрыс-керіске жол бермейтін жаңа ел құрудамыз», – деп атап өтті.

Елбасы V Съезге қатысушыларға бүгіндегі қауіпсіздік пен дамудың жаңа парадигмасын қалыптастыру үшін кең көлемді үнқатысуды жолға қоюдың маңызы зор екендігін атап айтты.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «оның негізінде тең құқылық, өзара құрмет, бір-бірінің мүдделерін мойындау, ынтымақтастық, толеранттылық және өзара түсіністік қағидаттары болуы тиіс. ХХІ ғасырда барлық салалардағы – саяси, экономикалық, мәдени, рухани салалардағы үнқатысуға балама жоқ.

Бүгінде адамзат үлкен материалдық, ғылыми-техникалық және интеллектуалдық мүмкіндіктерге ие. Егер адамдар бір-бірімен бейбітшілік пен рухани келісімде өмір сүріп үйренбесе, ешқандай прогресс болмайды» - деп, атап өтті.

Қазақстан халқы – өзінің даналығының арқасында тату. Барлық конфессиялардың арасындағы достық пен өзара түсіністіктің, келісім мен бірліктің, толеранттылықтың арқасында біздің халқымыздың даңқы мен күші – мәңгілік.

Бұл – біздің еліміз де қатарына қосылуға ұмтылатын дамыған алдыңғы 30 елдің ең жоғары құндылықтары. Біз осы ізгі мақсат үшін «Қазақстан-2050» стратегиялық жобасын жүзеге асырудамыз және бес институционалдық реформаларды іске асыруға кірістік.

Біздің Қазақстанды жаңартуға байланысты Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» этникалық және діни айырмашылықтарына қарамастан, барлық қазақстандықтардың жарқын өмір сүруіне бағытталған.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасында қоғам тарихи және мәдени тұрғыда екі дәстүрлі дінге негізделгендігін ерекше өзектендіру қажет және олар: сунниттік ислам (Ханафи мазхабы) және православиелік христиан діні.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы – ғибадат ететін мешіттерінің саны жағынан ең басым діни бірлестік (2507).

Аталған мешіттердің жамағаты болып табылатын мұсылман діндарлардың саны елдегі барлық дінге сенушілер санының үштен екі бөлігін құрайды.

Қазақстанның Православиелік шіркеуінің (ҚПШ) құрамына Қазақстандағы дін ұстанушыларының саны жағынан екінші орынды алатын 295 діни объекті кіреді.

Рим-католик шіркеуі (РКШ) Қазақстандағы көп тараған келесі діни бағыт болып табылады және оның 107 діни ғимараты бар.

Қазақстанның конфессиялық кеңістігінде протестанттық діни бірлестік ауқымды орын алып отыр, қазіргі уақытта оның 600-ден астам шіркеулері мен храмдары бар.

Жоғарыда көрсетілген діни бірлестіктерден басқа елімізде 6 иудейлік қауымы, 2 буддистік діни бірлестік, сондай-ақ Қазақстан үшін дәстүрлі емес 18-ден астам діни бірлестіктер («Мормондар», «Кришнаиттер», «Бахаи», «Муниттер» және т.б.) қызмет етеді.

.
Яндекс.Метрика