Буддизм

Буддизм – б.з.д. VI ғасырда Үндістанда пайда болған ежелгі әлемдік дін. Ілімнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама, кейін Будда Шакьямуни атауын алды. Будда ертеректе брахманизмде қалыптасқан түсініктерді өз уағыздарында қолданды.

Сөйтіп, буддизм сансараны (жанның қайта туылуы), карманы (сауап) және дхарманы (тура жол) мойындайды.

Буддизмде екі негізгі ағым бар – хинаяна және махаяна.

Хинаяна (Кіші күйме, жол) – ертеректегі буддизмге жақын ілім. Хинаянадағы жалғыз азаттық жол аскетизм және монахтық қауымдастық сангхадағы өмір.

Махаяна тұлғаның жүріс-тұрысының едәуір еркіндігін, шектеулерді сақтаудағы қаталдықтың төмендігі, монахтықтың міндетті еместігі, зайырлы өмірге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Буддизм діні Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс және Шығыс Азияда: Шри Ланка, Үндістан, Непал, Бутан, Қытай (сондай-ақ, Сингапур, Малайзия), Моңғолия, Корея, Вьетнам, Жапония, Камбоджада, Мьянмада (Бирма), Таиландта және Лаоста тараған.

Зерттеушілердің пайымдауынша, Пәкістан және Ауғанстан аумағы арқылы Үндістаннан Орталық Азияға буддизмнің таралуы б.з.д. І ғ. басталды.

ІІ-ІІІ ғасырлардан бастап буддизм ілімі қатарында соғдылық тайпа өкілдері басым болған буддизм діні миссионерлері арқылы белсенді түрде тарала бастады.

Ежелгі Жібек жолы (Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстан аумағы) бойында будда мәдениетінің көптеген ескерткіштері табылған. Оның ішінде ең танымалдары Термезедегі ІІ-ІІІ ғасырларда Қаратөбе монастыры, Смугдадағы Санзара алқабында табылған ғибадат үйі, Марадағы ескерткіштер кешені, Тохаристандағы VII-VIII ғғ. Ажына-тепе будда монастыры, Кувадағы (Ферғана) будда храмы, Жетісудағы Ақ-Бешім және Қызыл теңіз храмдары болды.

Шу алқабында орналасқан Ақ-Бешім (ежелгі Суяб) қалашығындағы екі ірі будда храмдарының қазбалары үлкен қызығушылыққа ие. Храмдарда Будданың мүсіндері, буддизм пантеоны кейіпкерлерінің бейнелері табылған.

Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда археологтар храмдар, монастырлар, кішкентай шіркеулер, сондай-ақ буддистік кейіпкерлер мен сахналардың бейнесі бар мүсіншелер мен стелалар табылды.

Осындай ескерткіштер Шымкент қаласына жақын жерде Талас өзенінің бойында, сонымен қатар, Жамбыл облысында – Тектұрмас пен Баласағұнда табылған.

Танымал ортағасырлық Испиджаб (Сайрам) қаласының қираған орындарының жанында жерастылық буддистік монастыры табылды.

Орталық Азияда алғашқы тибеттік буддизмнің таралуына қытайлық әсер себеп болды. VIII ғ. Тибет бақылауында Шығыс Түркістан мен Қырғызстанның бір бөлігін қоса алғанда, көптеген көрші жерлер болған әлеуетті ірі мемлекет болған.

XVI-XVIII ғасырлар жоңғарлардың қоныс аударуы мен шапқыншылықтарының нәтижесінде буддизм Қазақстанда да тарала бастады. Жоңғар хандығы кезеңіне тән монастырлар Жетісу мен Орталық Қазақстанның далалық алқаптарында табылды.

Сондай-ақ XIX ғ. басында Алматы қаласына жақын жердегі Медеу шатқалында ағаштан жасалған буддалық монастыр салынған.

Алматы маңындағы Тамғалы-Тас шатқалында табылған бірнеше буддалар мен буддалық мәтіндер де археологиялық ескерткіштер болып табылады. Бейнелердің жасалу уақыты ретінде XII ғ. бастап ХVII-ХVIII ғғ. белгіленген.

1996 жылы Орал қаласында Тибеттік будда орталығының негізі қаланды. Қайта тіркеу үдерісі нәтижесінде 2012 ж. Қазақстанда Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысында орналасқан 2 будда діни орталықтары қызмет етеді.

Алматыда Вон-Буддистік діни бірлестік қызмет етеді. Жергілікті діни бірлестік (ЖДБ) 1997 жылы құрылды.

Вон-Буддизм негізін қалаушы Пак Чун Бин, Сотхесан Тэджонса атымен белгілі (1891-1943 жж.) және Вон-Буддистермен «Жаңа заман Буддасы» ретінде құрметке ие.

1996 жылы Орал қ. Тибет-буддистік орталығы құрылды.

.
Яндекс.Метрика